Кумбре-Вьеха жанартауы атқылады

10 Қазан 2021, 10:45
1467
Бөлісу:
Кумбре-Вьеха жанартауы атқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кумбре-Вьеха жанартауының белсенділігі артып барады. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Канар аралдарындағы Кумбре-Вьеха  жанартауының сейсмикалық белсенділігі күн өткен сайын артып барады. 

Одан атқылаған лава Ла-Пальмадағы тағы бірнеше үйді күлге айналдырды. Аймақта жерасты дүмпулер де толастамай тұр. 

Естеріңізге салайық, жанартау қыркүйектің 19-ы оянған. Табиғаттың тосын мінезі 800-ден астам ғимаратты қиратты. 6 мыңнан астам адам өзге жерге эвакуацияланды. 

Ыстық лава ауылшаруашылыққа арналған 150 гектар алқапты да тып-типыл етті. Жергілікті билік аралды апатты аймақ деп жариялады. Ғалымдар болса жанартау 3 ай бойы атқылауы мүмкін деп болжап отыр.

Өзгелердің жаңалығы