Кубаның ұлттық телеарнасында Димашқа арналған бағдарлама шықты

19 Сәуір 2023, 10:44
702
Бөлісу:
Кубаның ұлттық телеарнасында Димашқа арналған бағдарлама шықты
Фото: dimashnews.com

Кубаның Canal Clave телеарнасында толығымен Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды.

Sueno Bonito музыкалық бағдарламасының премьералық шығарылымында әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды.

Еске сала кетейік, бұл – Димаштың жанкүйерлерінің ерекше ықыласының арқасында Куба телеарнасында бірінші рет көрсетілуі емес.

2020 жылдың мамыр айында Димаш алғаш рет Adagio әнімен Кубаның Cubavisión ұлттық телеарнасының De la gran Escena («Ұлы сахна») бағдарламасында алғаш рет атап өтілген еді. Ал, араға бір жыл салып дәл сол бағдарламада Димаштың танымал Olimpico композициясы орындалды.

2023 жылдың 15 сәуірінде Димаш Куба теледидарында Sueno Bonito («Әдемі армандаңыз») музыкалық бағдарламасының шығарылымында қайта пайда болды. Бұл жолы қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергенге 45 минуттық шығарылым арналды.

Өзгелердің жаңалығы