Кубада жанармай тапшы

25 Сәуір 2023, 19:20
783
Бөлісу:
Кубада жанармай тапшы
Фото: visasam.ru

Ел астанасы Гаванада адамдар жанармай құю бекеттерінде 12 сағат кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Мұндай жағдай тек бас қалада емес, жалпы ел бойынша байқалады. Кей жерлерде жанармай станциялары тіпті жабылып қалған. Бұған дейін елшілік қызметкерлері мен туристерге жанармайды кезексіз алуға мүмкіндік берілген.

 Қазір ол да жоқ, - дейді саяхатшылар. 

Өткен аптада Гаванада адам басына тек 40 литр берілген болатын. 

Қосымша канистр немесе өзге ыдыстарға құюға рұқсат жоқ. Жергілікті билік бұл мәселе тез арада шешіле қоймайтынын растап отыр. 

Мен мұнда 40 литр бензин алу үшін сағаттап тұруға мәжбүрмін. Алдымда қазір 18 көлік тұр. Кеше осы уақытта 60 шақтысы болған. Осындай кезекте тұрып, жұмысқа үнемі кешігіп барамын, - дейді жергілікті тұрғын Рикардо Гонсалес.

Өзгелердің жаңалығы