Кубада ақша аударымдарына шектеу қойылды

4 Тамыз 2023, 12:52
762
Бөлісу:
Кубада ақша аударымдарына шектеу қойылды

Кубаның Орталық банкі мемлекеттік және жекеменшік компанияларға банкоматтан ақша алуға және қолма-қол ақша аударымдарын жасауға шектеу енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Бұған елде белең алған инфляцияның жоғары деңгейі себеп. Бұдан былай 5 мың песоға дейін ақша аударуға болмайды. Әрі соманы шектеу көлемі 6 ай ішінде біртіндеп көбейе бермек. Үкімет электрон ақша аударымдарын ынталандыруға ниетті. Қазір Кубадағы инфляция деңгейі 45%-ке жеткен. 

Бұл шара инфляцияны ауыздықтауға бағытталғанымен, банктер үшін тиімсіз. Қымбатшылық деңгейі өсуі мүмкін. Өйткені қолма-қол ақшадан қағылған компаниялардың шығыны еселеп артады. Олар мұның орнын бағаны көтеру арқылы толтырмақ. Қолма-қол ақшаның бейресми нарығы қалыптасуы ғажап емес, - дейді экономист Павел Вида.

Өзгелердің жаңалығы