ҚТЖ жолдан шығып кеткен вагондарға қатысты түсініктеме берді

24 Қазан 2020, 11:35
2177
Бөлісу:
ҚТЖ жолдан шығып кеткен вагондарға қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, вагондардың жолдан шығуы себептері мен жағдайлары анықталуда.  

2020 жылдың 24-ші қазанында 01 сағат 35 минутта Шымкент қаласында «Кедентранссервис» АҚ кірме жолымен шығып бара жатқан бос контейнерлер тиелген 21 вагонның 14-і жолдан шығып кетті. Тараз станциясы бағыты бойынша пойыздарды өткізу ауқымы жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

 Жүк пойыздары мен жолаушылар пойыздары бойынша сағат 9.00-дегі ақпарат бойынша кешіктіріліп жатыр:

 - Шымкент станциясы бойынша – № 34 «Ақтөбе-Алматы» пойызы,  №76 «Қызылорда-Петропавл» пойызы (жеке тасымалдаушы), № 56 «Қызылорда-Көкшетау» (жеке тасымалдаушы);
- Қызылсай станциясы бойынша – №23 «Алматы-Ақтөбе» пойызы;
- Манкент станциясы бойынша – №11 «Алматы-Шымкент» пойызы.

Вагондардың жолдан шығуы себептері мен жағдайлары анықталуда.  

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 13 вагонның жолдан шығып кеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы