«ҚТЖ» компаниясына жұмысқа кіру үшін пара беру керек деген қаншалықты рас?

31 Наурыз 2021, 12:44
2200
Бөлісу:
«ҚТЖ» компаниясына жұмысқа кіру үшін пара беру керек деген қаншалықты рас?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінде өткен брифингте «Қазақстан теміржолы» ҰҚ АҚ филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров жауап берді.

Өкінішке қарай, мұндай жағдай өткен жылы компанияның Қызылорда мен Көкшетау қаласындағы филиалдарында болды. Жұмысқа пара беріп орналасу фактісі бойынша іс қозғалып, филиал басшылары көп жылдық еңбек өтіліне қарамастан қызметтерінен босатылды. Іс тиісті органдарға жіберілді, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл жағдайдан кейін компанияда қызметкерлерді жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынған. 

Қазіргі күні кандидатты жұмысқа қабылдарда оның екінші тұлғамен қарым-қатынасын болдырмау, персоналды таңдау жүйесін атоматтандыру, коррупциялық тәуекелдерді жою сынды жұмыстар қолға алынып жатыр. Мұндай факт болғанымен, компанияда оған дейін де антикоррупциялық бағыттағы жұмыстар қолға алынған болатын, - деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы