ҚСЗИ кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік сараптама орталығы болып танылды

31 Қаңтар 2021, 14:55
2580
Бөлісу:
ҚСЗИ кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік сараптама орталығы болып танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қаңтарда Пенсильвания университетінің әлемдегі ғылыми-сараптамалық орталықтарының «Global Go To Think Tank Index Report» жыл сайынғы рейтингі ұсынылды. 

Ол «ақыл-ой орталықтарының» ең беделді әлемдік рейтингі саналады. Рейтинг профессор Джеймс МакГанның жетекшілігімен «Ақыл-ой орталықтары және азаматтық қоғам» бағдарламасы шеңберінде жасалады. 

2020 жылы Пенсильвания университеті әлемдегі 11 175 ақыл-ой орталығының қызметін талдаған болатын. Аталмыш талдау ішінде Қазақстаннан 43 орталық болды. 

Жалпы, рейтинг бағаланатын орталықтар, сондай-ақ экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңға жуық мамандар, саясаткерлер мен журналистерге жүргізілген сауалнама нәтижесі негізінде құрылады. Рейтингті қалыптастырудың соңғы кезеңіне беделді сарапшылар тобы қатысады, олардың пікірі негізінде қорытынды рейтинг шығарылады. 

Рейтингті қалыптастыру үшін ақыл-ой орталықтарын ғылыми-талдамалық жұмыстың сапасы мен беделіне, функционалдық және ұйымдастырушылық бағытына, конференциялар, брифингтер және ресми кездесулер өткізетін орталықтың танымалдығына, сондай-ақ ерекше жүлделер туралы мәліметтерге негізделген құрылмдайтын 30-дан астам түрлі критерий есепке алынады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік сараптама орталығы болып танылды.

«Орталық Азиядағы жетекші ақыл-ой орталықтары» номинациясына 10 қазақстандық ақыл-ой орталығы кірді. 2020 жылы «Global Go To Think Tank Index» есебінде ұсынылған барлық қазақстандық сараптама орталығы өз позицияларын жақсартты: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты (6 орын), Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Орталық Азияның әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы (16 орын), Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы (25 орын), ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты (37 орын), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (39 орын), Әлемдік экономика және саясат институты (41 орын), «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы (44 орын).

«Энергетикалық және ресурстық саясат бойынша жетекші ақыл-ой орталықтары» номинациясы бойынша ҚСЗИ 31-орынға ие болды (ұсынылған орталықтар саны - 60), «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы жетекші ақыл-ой орталықтары» рейтингінде ҚСЗИ 97-орынды сақтап қалды (ұсынылған орталықтар саны - 110).

2020 рейтингінің негізгі жаңалығы - бұл COVID-19-тың ақыл-ой орталықтарының қызметіне әсері және олардың әлемдік пандемияға реакциясы. «2020 жылы COVID-19-ке қатысты үздік саясат және институционалды жауап» жаңа номинациясына сарапшылар әлемнің түкпір-түкпірінен 83 аналитикалық орталықты қосты, олардың арасында ҚСЗИ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен кірген жалғыз құрылым болды.


Өзгелердің жаңалығы