Крук Екібастұздағы жылу жүйесі жөндеуге келмейтін үйлерді атады

4 Желтоқсан 2022, 20:47
917
Бөлісу:
Крук Екібастұздағы жылу жүйесі жөндеуге келмейтін үйлерді атады

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұған дейін Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин әлі қаладағы 11 тұрғынүйге жылу берілмегенін айтқан болатын. Облыс басшысының міндетін атқарушы жылу жүйесі жөндеуге келмей жатқан үйлерге тоқталып өтті.

Қазіргі таңда барынша проблемасы көп үйлер Сәтпаев 8, Мәшһүр Жүсіп 52, Әуезов 46, 46А, 47, Шешенбеков, 19А мекенжайындағы үйлер болып тұр. Штаб жетекшісі – Премьер-министрдің бірінші орынбасары жөндеу қызметтерінің жұмысын үйлестірді. Қазір әрбір үй жеке кәсіпорынға бекітілді. Аталған кәсіпорындардың бірінші басшылары өздерінің жұмыс орындарында. Ол жерде бүлінген және мұз қатқан желілердегі ақауларды жоюмен айналысып жатыр. Олар өздері басқаратын кәсіпорындардағы коммуникациялардағы барлық ақау жойылғанға дейін жұмыстарын тоқтатпайды, - деп түсіндірді Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы.  

Еске сала кетейік, 27 қараша күні Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығында орын алған апат салдарынан қала жылусыз және ыстық сусыз қалған еді.

28 қараша күні қалада ТЖ режімі жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы