Екібастұз әкімі: Қалада 11 тұрғынүйге жылу берілмеді

4 Желтоқсан 2022, 20:25
1183
Бөлісу:
Екібастұз әкімі: Қалада 11 тұрғынүйге жылу берілмеді

Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі таңда бізде 11 тұрғын үй жылусыз күйде тұр. Бұл – 11 үйдің пәтерлеріне жылу берілмеген деген сөз. Бірақ бұл жерде назар аударатын жағдайды айта кеткім келеді. Осы 11 көпқабатты үйдің барлық жертөлесіне жылу жеткізілді. Қазір циркуляция бар. Ендігі алдымызда тұрған міндет – пәтерлер арасында жылу тасымалдайтын магистраль құбыр мен әр пәтердің регистріне жылу жеткізу. Біз жұмысты ұйымдастырдық, бригадалар осымен айналысып жатыр, - қала әкімі.

Еске сала кетейік, 27 қараша күні Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығында орын алған апат салдарынан қала жылусыз қалған еді.

Кешегі өткен жедел штабтың брифингінде Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұзда әлі жиырма шақты үйге жылу берілмегенін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы