Криштиану Роналду тағы да рекорд орнатты

3 Желтоқсан 2022, 14:16
5876
Бөлісу:
Криштиану Роналду тағы да рекорд орнатты

Португалия құрамасының «жұлдызы» Криштиану Роналду рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Opta телеграм арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, ол әлем және Еуропа чемпионаттарын қосқанда ең көп матчқа қатысқан футболшы болып шықты. Яғни Криштиану Роналду – әлем чемпионатында да, Еуропа чемпионатында да 20-дан астам матч ойнаған тарихтағы алғашқы спортшы. 

Кеше Роналду өз құрамасының сапында Қатардағы футболдан әлем чемпионатының үшінші турында Оңтүстік Кореяға қарсы ойнады. Сол матчтан соң әлем чемпионатында – 20, Еуропа біріншілігінде – 20 кездесу өткізген әлемдегі жалғыз футболшы атанды. 

Оңтүстік Кореямен болған ойында Португалия 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Роналду бес әлем чемпионатында гол соққан алғашқы ойыншы ретінде танылған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы