Криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқандар ұсталды

9 Наурыз 2023, 14:26
1056
Бөлісу:
Криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқандар ұсталды
Фото: stan.kz

 Елордада цифрлық активтерді айырбастау саласында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 3 азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР 3 азаматының "ABS Change" крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін ҚМА елордалық департаменті әшкереледі. Аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған.

Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырды.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді.

"Binance" платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды.

 Алдын ала есеп бойынша «Binance» платформасындағы криптоайырбастау пунктінің криптоәмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,-  дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Айта кетейік, ҚМА жұмысында негізгі назар көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимылға бағытталған. 

Былтыр қабылданған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейінің 21,5% болжамды мәнімен 19,7%-ға дейін төмендеуіне оң әсер етті.

Өзгелердің жаңалығы