«Кресло» деген қазақты құртады – заңгер

28 Қараша 2020, 14:52
1745
Бөлісу:
«Кресло» деген қазақты құртады  – заңгер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері, заңгер Дастан Даулетияров «Желмая» жобасында айтты. 

Өзім де көп жыл бойы басшы болып, бірінші орынбасарға дейін қызмет атқардым.Орынбасардың өзі көп жұмыс атқарады. Біз өзімізге іштен ғана емес, сырттан да қарауымыз керек.  «Креслоны» құрту керек. Бастықтар қызметкерлермен бірге отыру керек. Жеке кабинет деген болмау керек. «Кресло» деген қазақты құртады. Оның ішінде шен тағып, билікке шыққандарды. Халық тарапынан қарайтын болсақ, бастықтың кабинетіне кіргенде, лауазымды тұлғаның әрекеті  адам үшін басқа әсер беруі мүмкін. Сондықтан басшылар қызметкерлермен бірге отырып, мәселені бірге шешсе, халыққа жақындай түседі, - деді ол. 

Сондай-ақ, Даулетияров ауылдағы шаруашылықты субсидиялау мәселесі туралы айтты.

Ауылда қалаға қарағанда тәуекел көп. Онда құс тұмауы шығып, мал қырылып жатады. Сондықтан сақтандыру мен қаржы институттары, мемлекеттік жергілікті органдармен кәсіпкерлер бірігіп жұмыс істеуі керек. Пайыздық мөлшерді көп мөлшерде көтеріп, 5 адамнан алған жақсы ма? Әлде оны түсіріп, 20 адамнан алған жақсы ма? Әрине, екіншісі. Сол үшін бұл туралы ойлану керек, - деді Даулетияров.

Өзгелердің жаңалығы