Креативті индустрия мәселелері бойынша заңнама талқыланып жатыр - Балаева

6 Қазан 2023, 15:43
705
Бөлісу:
Креативті индустрия мәселелері бойынша заңнама талқыланып жатыр - Балаева
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте креативті индустрия жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, қазіргі таңда сарапшылар қауымдастығымен және индустрия өкілдерімен бірлесіп креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту тәсілдері талқылануда.

Заңнамада авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау, креативті индустрия қайраткерлерін қолдау шаралары мен преференциялар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосымша құзыреттерін қосуды көздейтін бірқатар новеллалар қарастырылған, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, креативті хабтардың тиімді жұмысын құру үшін ел өңірлерінде креативті индустрияны қолдау жөніндегі шаралар мен қолда бар инфрақұрылым туралы қажетті ақпарат жиналуда.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әрбір облыс орталығында және ірі қалада креативті индустрия орталықтарын құру қажеттігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы