Жолдау: Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

1 Қыркүйек 2023, 11:00
405
Бөлісу:
Жолдау: Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Жолдауды республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ Жолдаудың мәтіндік трансляциясын BAQ.KZ сайтынан оқи аласыздар.

Бұған дейін былтыр Жолдауда тапсырылған мәселелердің қалай жүзеге асырылғаны жайлы жазған болатынбыз.

Атап айтқанда, білім саласында бірқатар реформа қабылданды.

Ал әлеуметтік салада қандай жаңалық енгізілгенін мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Өзгелердің жаңалығы