ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

6 Қараша 2020, 19:02
1625
Бөлісу:
ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен генерал-майор Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Генерал-майор Марат Рахымұлы Құсайынов 1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысында туған. 

1988 жылы Челябинск жоғары танк командалық училищесін бітірді. 

1997 жылы РФ ҚК Броньды танк әскерлерінің әскери академиясын бітірді. 

2010 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын бітірді. 

Взвод командирінен бастап ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысына дейін офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткерді.


Өзгелердің жаңалығы