Энергетика министрлігі КҚК теңіз терминалында ұшқышсыз ұшу аппаратына қатысты оқиғадан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
Оқиға 2026 жылғы 8 қыркүйекте КҚК терминалының маңында болған. Осыған байланысты ВПУ-3 және ВПУ-2 құрылғыларының жұмысы тоқтатылды.
КҚК-ның жүк тиеу жүйелері мен танкерлердің жағдайына қажетті тексерулер жүргізілгеннен кейін тиеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін ескертулер анықталған жоқ. Қоршаған ортаға әсер ету фактілері тіркелмеді, – деп мәлімдеді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Тексеруден кейін мұнай тиеу жұмыстары штаттық режимде қайта жалғасты. Қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ.