Ковидпен ауырған соң тегін оңалтудан өтуге болатынын көпшілік білмейді

26 Қараша 2021, 19:55
1504
Бөлісу:
Ковидпен ауырған соң тегін оңалтудан өтуге болатынын көпшілік білмейді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Эра KZ» қоғамдық қорының басшысы Зарина Таштемірова хабарлады. Халықтың игілігі үшін 10 жыл жұмыс істеп келе жатқан қор биыл Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржыландыруымен әлеуметтік волонтерлік «Демеу» жобасының гранты шеңберінде жұмыс істеуде.

Осылайша, «Демеудің» мұрындық болуымен ауылдық жерде тұратын халыққа тегін консультациялық көмек көрсетіп, құқықтық, медициналық сауаттылықты арттыруды мақсат тұтыпты.

Ковидпен ауырған соң тегін оңалтудан өтуге болатынын көпшілік білмейді

Жоба бүкіл ел аумағында жүзеге асырылды. Біздің ұйым Түркістан облысын, соның ішінде Ордабасы ауданы Темірлан кентін, Арыс қаласын, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылын қамтыды. Аталған елдімекендерге мамандарымыз: психолог, фтизиатр, инфекционист, реабилитолог, терапевт дәрігерлер, сондай-ақ медиатор-заңгерлер халықты қабылдады. Жұмыс барысында коронавируспен ауырған соң денсаулықты қалпына келтіру бойынша көптеген  сұрақтар қойылды. Дәрумендер қабылдау, дене шынықтыру, жаттығуларға қатысты көкейкесті мәселелерді алға тартты, - деп атап өтті қор басшысы.

Ковидпен ауырған соң тегін оңалтудан өтуге болатынын көпшілік білмейді

Сондай-ақ қауіпті індетпен ауырып тұрған соң мемлекет тарапынан тегін оңалтудан өтуге болатынын біреу білсе, біреу білмес.

Адамдар ауырып қалмасақ болды деп кез келген халықтық емдеу жолдарын қолданып, өз бетінше түрлі тәсілдерді қолданып жатады. Дәрігерлер осы тұрғыдан дәлелді медицинаны, соның ішінде ковидке қарсы екпе алудың тиімділігін, маман нұсқауынсыз антибиотик, инъекциялық препараттарды қабылдамау қажеттігін түсіндірді. Індетпен ауырған екі айдан соң мемлекеттік негізде тегін санаторлық оңалтудан өтуге болатынын көпшілік біле бермейді. Медициналық сақтандыру болса, тегін КТ жасатуға болатынынан кейбір адам хабарсыз. Мамандарымыз халықты хабардар ету үшін жұмыс істеді, - деді Зарина Таштемірова.

Ковидпен ауырған соң тегін оңалтудан өтуге болатынын көпшілік білмейді

Сонымен қатар ел ішінде құқықтық мәселелер де өзекті деп отыр.

Несие мәселесі, оны жабу, мерзімі өтіп кеткен төлемдер бойынша сұрақтар көп қойылды. Кейбіреулер өз құқықтарын білмегендіктен коллекторлық компаниялардың қысымына ұшыраған. Заңгердің алдына келгендер бірден проблемасына жауап алып шықты деуге әбден негіз бар. Баспана алу үшін зейнетақы жинағын пайдалануды түсіндірдік. Арыс қаласының тұрғындары жарылыстан соң үйлерін қалпына келтірудегі мәселелермен жүгінді. Кейбірінде әлі күнге жарылыс қорқынышы қалып қойған. Өңір халқы психологиялық қолдауға, осындай орталыққа зәру. Болашақта ұйымымыз халыққа тегін психологиялық көмек көрсететін дағдарыс орталығын ашуды жоспарлап отырмыз, - дейді қоғамдық қор басшысы.


Өзгелердің жаңалығы