Костенко шахтасындағы апатқа кімдер кінәлі? Министр күдіктілердің есімін атады

9 Қаңтар 2024, 11:38
1123
Бөлісу:
Костенко шахтасындағы апатқа кімдер кінәлі? Министр күдіктілердің есімін атады
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Үкіметтің баспасөз қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Костенко шахтасындағы апатқа кімден кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сырым Шәріпхановтың айтуынша, апатқа қарапайым кеншілердің кінәсі жоқ. Олар - инженерлік-техникалық ұжым.

Сұрағыңызды түсіндім. Бұл қарапайым қызметкерлер емес. Бұл – инженерлік-техникалық ұжым. Олар осы жұмысқа жауапты. Бұл – жауапты басшылар. Материалдар тергеу органдарына тапсырылды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізеді және сот олардың кінәсін анықтайды, - деді Шәріпханов.

Ол 28 адамның есімін атай алмайтынын жеткізді.

Жазбаша жауап берейік. Бірақ АМТ бас директоры Яблонский, Ұжым жөніндегі директор Винокурова, АМТ Көмір департаментінің атқарушы директоры Белый мырза, оның орынбасары Огай және тағы басқа басшылар бар, - деді Төтенше жағдайлар министрі.

Еске салсақ, 28 қазанда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алды. Қазақстан халқы 29 қазанда шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқандарды аза тұтты.

Жақында ғана Үкімет «Арселор МитталТеміртау» компаниясын шетелдік инвестордан сатып алып, қазақстандық инвесторға тапсырды. «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы Allur Group компаниялар тобы болды. Бұл келісім Қазақстан Үкіметіне 286 миллион долларға шықты.

Компания «Qarmet» деген атауға өзгертілді.

Өзгелердің жаңалығы