Қостанайлық құтқарушылар құдыққа құлап кеткен баланы құтқарды

11 Тамыз 2021, 12:15
5186
Бөлісу:
Қостанайлық құтқарушылар құдыққа құлап кеткен баланы құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 тамыз күні сағат 17: 25-те Қостанай облысы Садчиковка ауылында жеке секторлардың бірінде тереңдігі 8 метрлік құдықтың ұңғымасына 2 жасар бала құлап кеткен. 

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Бала 3.5 метр тереңдікте кептеліп қалған.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар сәбидің тыныс алып жатқандығына көз жеткізген. Олар жедел түрде шұңқырға оттегін жіберіп, баланы шығарып алу мақсатында ұңғыманың жанынан тағы шұңқыр қазған. Құтқарушылар қолы ғана көрініп тұрған баланы арқанның көмегімен шығарып алды, - делінген хабарламада.
Ауқымды құтқару операциясына 9 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмылдырылған. Көмекке жергілікті ауыл тұрғындары да келген. Баланы құтқару жұмыстары сағат 19:20-да аяқталған. 

ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауларын ескертеді. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» немесе «101» нөміріне қоңырау шалу керек.



Өзгелердің жаңалығы