Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов хабарлады.
Оның айтуынша, СOVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Сондай-ақ вакцинациялауды жүргізу үшін емханалардан басқа адамдар көп жиналатын орындарда жеке егу кабинеттері ашылған көрінеді.
Бүгінгі күні І компонентпен 309 839 адам немесе 61,3%-ы қамтылды. Ал ІІ компонентті 268 275 адам алған, бұл тиісті халықтың 53,1%-ын құрайды. Вакцинациялауды жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды, - деді облыс әкімінің орынбасары.Айта кететін жайт, бүгінгі күні «Ashyq» жобасына қатысуға 4 819 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 719 кәсіпорын QR кодтарын алды.
Биылғы 1 тамызбен салыстырғанда «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 1 978 кәсіпорынға ұлғайды немесе бұл 41,0%-ды құрады.
Жалпы алғанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты және ерекше бақылауда тұр, - деп атап өтті Ерлан Спанов.Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 31 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.