COVID-19: Қостанай облысында 31 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған

14 Қыркүйек 2021, 12:56
3233
Бөлісу:
COVID-19: Қостанай облысында 31 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов хабарлады. 

Оның айтуынша, пандемия басталғалы бері Қостанай облысында 31 492 адам коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген.

Ал 13 қыркүйектегі жағдай бойынша 156 адам індет жұқтырған.

Қазіргі уақытта 1765 төсек-орны бар 21 стационарда 607 адам емделіп жатыр. Жүктеме 34%-ға тең. Қажет болған жағдайда төсек-орындар жүктемесін 3000-ға дейін арттыруға дайынбыз. Инфекциялық бөлімшеде барлығы 133 реанимациялық төсек-орын бар, 42 адам жатыр. Жүктемесі 31,5%. Оның ішінде 38 адам ауыр халде жатыр, бұл 28,5%-ға тең, - деді Ерлан Спанов.

Сондай-ақ облыстың дәріханалары мен стационарларында дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры бар көрінеді.

Карантиндік шараларды сақтау мақсатында мобильдік топтар жұмыс істеп жатыр. 1 тамыздан бастап 2 мыңнан астам рейд жүргізілді. 206 карантин талаптарын бұзу жағдайлары айқындалды, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы