Қосшы қаласында тұңғыш рет “Алтын домбыра” айтысы өтті

10 Желтоқсан 2021, 18:28
2201
Бөлісу:
Қосшы қаласында тұңғыш рет “Алтын домбыра” айтысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтысқа республикамыздың тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген 30 жасқа дейінгі жас айтыскер ақындар қатысты. 

Шараны айтыскер ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының» атқарушы директоры Еркебұлан Қайназаров жүргізді. 

Қосшы қаласында тұңғыш рет “Алтын домбыра” айтысы өтті

Қосшы қаласында тұңғыш рет “Алтын домбыра” айтысы өтті

Түрлі заманда айтыс өнері сахнадан ғана емес, санадан да ығыстырыла бастағанда тәуелсіздіктің таңы атты. Бұл хас өнеріміздің тамырына қайтадан қан жүгіртіп, рухымызды асқақтатып, қазақ ақындарының еңсе тіктеуіне ықпал етті. Тәуелсіздігімізді алған жылдардан бері өшпес өнерімізге мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлініп, кең тарауына мүмкіндік жасалуда. Осылайша, бүгінгі таңда елімізде жас, тәуелсіздіктің құрдас-ақындарының қатары қалыптасып, олар ұлттық өнерімізді жастар арасында дәріптеуде.

Осы орайда, Қосшы қаласының әкімдігі тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген 30 жасқа дейінгі жас айтыскер ақындар арасында “Алтын домбыра” айтысын өткізді. 

Қосшы қаласында тұңғыш рет “Алтын домбыра” айтысы өтті

Бұл Қосшы қала мәртебесін алғаннан бері алғаш рет ұйымдастырылған додалы айтыс. Алдағы уақытта мұндай мәдени іс-шараларымыздың қатары көбейіп, қаламыздың мәдени-рухани дамуы артатын болады. Бүгінгі Қосшы қаласындағы “Алтын домбыра” айтысы - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын дәріптеу, жас ақындардың өнерін паш ету және қаламыздағы өнер сүюші қауымды құрметтеу, рухани байлық сыйлау мақсатында ұйымдастырылды, – деп атап өтті Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкей. 

Айтыстың финалына Ердәулет Ыбыраев пен Ғалым Еркінбек шығып, келген халықты суырып салма өнерімен тамсандырды. Әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орын Ердәулет Ыбыраевқа берілсе, бас жүлдені Ғалым Еркінбек ұтып алды. 

Қосшы қаласында тұңғыш рет “Алтын домбыра” айтысы өтті

Бас жүлдеге Қосшы қаласы әкімдігінің тапсырысымен арнайы жасалған домбыра табысталды және барлық қатысушыларға демеушілердің көмегімен қаржылай сыйлық берілді.

Өзгелердің жаңалығы