Көшпенділер ойынында құрама ойыншыларына жағдай жасауымыз қажет – министр

15 Ақпан 2024, 11:08
318
Бөлісу:
Көшпенділер ойынында құрама ойыншыларына жағдай жасауымыз қажет – министр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр, осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу екенін жеткізді.

Байрақты бәсекенің саламатты өмір салтын дәріптеудегі, бауырластық байланыстарды арттырудағы маңызын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәлімдеген болатын. «Спорт – бейбітшілік елшісі» деген сөз бар. Бұл спорт арқылы ортақ құндылықтарды қалыптастыру, халықтарды жақындастыру ұстанымын көздейді,-деді министр.

Көшпенділер Ойындарына әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар қатысады деп жоспарланған.

Бұл Ойындарда спорттық ойындармен бірге мәдени және ғылыми бағдарлама да кеңінен ұсынылады. Ат жалында азамат болып ер жеткен қазақ халқы ежелден спортқа бейім. Бұл Ойындарда еліміздің құрамасы айбынды өнер көрсетуі үшін барынша жағдайлар жасауымыз қажет. Өңірлер дене шынықтыру және спорт басқармалары басшыларын ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмысын жандандыруды сұраймын, - деді Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы