Көшпенділер ойындарында бүркіт милиционерге «шабуыл» жасады

4 Қыркүйек 2026, 15:43
АВТОР
 видеодан скриншот 4 Қыркүйек 2026, 15:43
4 Қыркүйек 2026, 15:43
134
Фото: видеодан скриншот

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатқан Қырчын шатқалындағы этноауыл аумағында оқиға болды. Қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген милиция қызметкеріне бүркіт күтпеген жерден тап берді.

Бұл сәтті жергілікті Номад ТВ түсіріп алған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жыртқыш құс құқық қорғау қызметкеріне ұшып келіп, оның жарық шағылыстыратын арнайы кеудешесін жұлып алған. Милиция қызметкері бүркіттен өздігінен қорғануға тырысқан.

Оқиға орнына жүгіріп келген бүркітші жыртқыш құсты тоқтатып, жағдайды тез арада бақылауға алған.

Оқиға салдарынан милиция қызметкері ауыр жарақат алған жоқ.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары ұлттық спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетіп, ойынның үшінші күнінде ел қоржынына 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль – барлығы 24 медаль салды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх