Көші-қон саясаты: Қай ел азаматтары елімізге жиі қоныс аударады?

8 Тамыз 2023, 11:00
868
Бөлісу:
Көші-қон саясаты: Қай ел азаматтары елімізге жиі қоныс аударады?
Фото: Арман Мухатов - архив

Соңғы 10 жылда елімізде көші-қон үрдісінде оң өзгерістер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елге келген азаматтардың негізгі географиясы ТМД елдері, Қытай, және Моңғолия мемлекеттері болып отыр. Тұрақты тұруға қалған азаматтардың басым көпшілігі еңбекке қабілетті техникалық, экономикалық, педагогикалық және медициналық жоғары білімі бар азаматтарды құраған.

Ішкі көші-қон үрдісінде де оң өзгерістер байқап отырмыз. Есепті кезеңде 160 мыңнан астам тұрғын ел ішінде қоныс аударды. Бұл ретте, ірі қалаларға көш тізгінін бұрған азаматтардың үлес салмағы 40 пайыз көлемін құрап отыр, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Көші-қон саясаты тұжырымдамасы негізгі 7 бағытта жүргізіліп жатыр. Тамара Дүйсенова білім саласындағы көші-қон мәселелерін де атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанды академиялық тұрғыдан ұтқыр және жетекші ғалымдар мен мамандарға тартымды өңірлік хабқа айналдыру мәселесін тапсырған. Осы орайда заманауи кампустары, ғылыми зертханалары бар салалық университеттер ашу үшін кешенді жұмыс жүргізілуде. Осы 2 жылда Қазақстанның жоғары оқу орындарының базасында шетел жоғары оқу орындарының 6 филиалы құрылды. Нәтижесінде биыл шетелдік студенттердің үлесі барша студенттің 4,4 пайызына дейін артты, - деді Тамара Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы