Алматыда бірнеше көше жабылады

24 Шілде 2019, 15:09
2122
Бөлісу:
Алматыда бірнеше көше жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Жылу құбырларын жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы Байзақов көшесінің Төле биден кіретін тұсы жабылды. Бұл туралы «Алматы жолдары» мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жылу құбырларын жөндеу жұмыстарына байланысты Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысы шілденің 24 мен 29 аралығында жабық болады», - делінген хабарламада.

«Алматы жолдары» мекемесі қала тұрғындарын осы бағытпен жүргенде жолдың жабық екенін ескеруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы