Коронавирустың сирек кездесетін симптомы аталды

26 Сәуір 2020, 13:30
1427
Бөлісу:
Коронавирустың сирек кездесетін симптомы аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының жаңа белгілерінің бірі адам көзінің қызаруы болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін АҚШ-тағы Йель университетінің маманы Висенте Диаз хабарлады, деп жазды iz.ru сайты. 

Бұл жаңа белгі ерекше әрі сирек кездеседі. Маманның айтуынша, вирус адамдардың бірнеше пайызында ғана көзге әсер етуі мүмкін. Висенте Диаз егер адамда көз қызаруынан бөлек басқа да коронавирус белгілері, мысалы респираторлық аурулардың белгілері немесе дене қызуы жоғары болса, бірден медициналық көмекке жүгінуге кеңес берді.

Сонымен қатар, бұл белгі жай ғана көздің аллергиядан туындаған конъюктивит белгісі болуы да мүмкін дейді. Сондықтан басқа да белгілерді дұрыстап анықтауға шақырды. 

Бұған дейін Франциядан келген иммунолог профессор Жан-Лоран Казанова коронавирустың созылмалы аурулары бар жастарда ауыр өтетінін айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар сирек кездеседі және пациенттердің генетикалық бейімділігімен түсіндіріледі.
Өзгелердің жаңалығы