Коронавирустан 2 кісі қайтыс болды

10 Қаңтар 2021, 09:42
1534
Бөлісу:
Коронавирустан 2 кісі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 10 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

10 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 138 адам короновирус инфекциясынан (11 243 КВИ+ және 11 895 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 530 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 277 адамның жағдайы ауыр;

• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанғандарға қатысты 8 қаңтардағы мәлімет бойынша 105 науқас тіркеліп, 2 кісі қайтыс болды. 164 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 46 323, өлім жағдайлары - 524, барлығы 33 904 адам сауығып шықты.


Өзгелердің жаңалығы