Коронавирусқа қарсы вакцина елімізде ерікті екпе қатарына кіретін болады

21 Тамыз 2020, 07:33
2277
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы вакцина елімізде ерікті екпе қатарына кіретін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі биыл коронавирусқа қарсы вакцинаны ерікті екпе қатарына қоспақ. Atameken Business телеарнасының хабарлауынша, Денсаулық туралы жаңа кодекске сәйкес, бізде міндетті және ерікті екпелер бар.

Міндеттілері – жыл сайынғы жоспарлы вакцина, негізінен біз көп білетін ауруларға қарсы жасалады. Ерікті екпе – шетелге шыққанда ғана жасалатын екпе, ол жаппай халыққа жасалмайды. Бұл кезеңде біз коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинаны ерікті екпелер қатарына қосуды қарастырып жатырмыз. Себебі, оның нәтижесі, әсері әлі егжей-тегжейлі зерттелген жоқ. Дегенмен, біз Қазақстанда мұндай вакцинаның қолданылу мүмкіндігіне ие болуымыз керек, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Еске сала кетсек, 11 тамызда Владимир Путин Ресейде КВИ-ге қарсы әлемдегі бірінші вакцинаның тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Ол барынша тиімді жұмыс істейді, берік иммунитет қалыптастырады және барлық қажетті тексерістен өтті, - деген ол, екпені өзінің қызы да салдырғанын алға тартты.

Ал 14 тамызда Қазақстан клиникалық сынақтың екі фазасынан өткен және РФ-да тіркелген вакцинаны алғаш болып шығарушы ретінде Ресейге хабарласқан еді.

Өзгелердің жаңалығы