Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, аурушаңдыққа жүргізілген талдау КВИ-дің асқынған түріне шалдыққандардың негізгі үлесі вакцина алмағандарға тиесілі.
1 ақпаннан бастап тіркелген коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 95%-ы вакцина салдырмаған. Ал вакцинацияланған азаматтардың небәрі 5%-ы ауырған. Баламалы жағдай өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандарда байқалды, олардың 96%-ы – екпе алмағандар, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Ведомство басшысы ұсынылған деректер вакцинацияның тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдегенін алға тартты.
Осыған байланысты, халыққа тағы да үндеу жасап, әлі вакцина алмағандар болса, вакцинация алу туралы шешім қабылдауға шақырамын, - деді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі әлемдегі эпидахуалға тоқталған болатын.