Әлемдегі эпидахуал қандай?

16 Қараша 2021, 10:15
1083
Бөлісу:
Әлемдегі эпидахуал қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған 254 млн-нан астам жағдай тіркелген.

Тәулігіне 340 мыңнан астам адам індетке шалдығады. 5,0 млн-нан астам адам қайтыс болды. ДДСҰ Еуропалық аймағының деректері бойынша, соңғы екі аптада 54 мемлекеттің 36-да аурушаңдық деңгейінің өсуі байқалады. Соңғы 14 күнде індет Мажарстан, Австрия, Польша мен Германияда өршіп тұр, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ауру ЕуроДДСҰ-ның елінде азайып отыр.

Атап айтқанда, Израильде 48%-ға, Молдовада 28%-ға, Қырғызстанда 23%-ға, Арменияда 22%-ға, Ұлыбританияда 18%-ға, Эстонияда 16%-ға және Беларусь мемлекетінде 3%-ға төмендеген. Қазақстанда аурушаңдық соңғы екі аптада 23%-ға кеміді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы Pfizer вакцинасы еліміздің коммерциялық нарығына жеткізілетіндігін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы