Коронавируспен ауырып қалған түлектер емтихан тапсыра ма?

25 Мамыр 2021, 14:08
9823
Бөлісу:
Коронавируспен ауырып қалған түлектер емтихан тапсыра ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, соңғы қоңырау мен дәстүрлі форматтағы аттестаттарды тапсыру салтанатына тек 9 және 11-сынып түлектері ғана қатыса алады.

Оқу жылын өңірде 193 мыңға жуық оқушы аяқтады, оның ішінде 16,3 мыңы - 9-сынып оқушылары, 8,7 мыңнан астамы - 11-сынып оқушылары.

Уk-news.kz сайтының хабарлауынша, 28 мамырдан бастап 9-сынып оқушылары бітіру емтихандарын тапсыра бастайды. Биыл төрт емтиханның орнына үшеу болады. 1 маусымнан бастап 11-сынып оқушылары бес емес, төрт мемлекеттік емтихан тапсырады.

Жұмаділованың айтуынша, «Алтын белгі» белгісіне 752 түлек үміткер, 476 түлек ерекше үлгідегі орта білім туралы аттестат алады. 9-сынып түлектерінің ішінен 1,8 мыңнан астам оқушы үздік аттестатқа үміткер.

Егер түлек емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алса, қайта қорытынды аттестаттау 11-19 маусым аралығында өткізіледі. Бітіру емтихандары кезінде коронавируспен ауырған оқушылар қорытынды аттестаттаудан босатылады. Бұл жағдайда бағалар жылдық бағалар негізінде аттестатқа қойылады. Егер түлек КВИ-ға шалдыққан науқастарымен байланыста болған болса, онда ол қашықтан емтихан тапсырады, - деп түсіндірді Сайрангүл Жұмаділова.

Өзгелердің жаңалығы