Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев коронавирустың барысы мен вакцина әсеріне тоқталды.
Коронавирус арамызда тұмау сияқты үйреншікті ауру болып қалады. Өйткені қазір ауырып жатқан адамдардың көпішілігінің дене қызуы көтеріліп, дәм сезу қабілеті жоғалып, кейін жазылып кетіп жатыр. Алдағы 1-2 жылда бұл вирус та әлсіреуі керек, - дейді ол.Дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинаны 100% панацея деп айта алмайтынын жеткізді.
Осыдан бірер күн бұрын Израильдегі тәжірибені оқып шықтым. Шамамен, 4000 адам вакцина салдырғаннан кейін де коронавируспен ауырған екен. Оның ішінде 400-дейі қатты ауырған. Сол 400-дің үштен бірі қайтыс болған. Бұлардың барлығы вакцина алған адамдар. Менің ойымша, вакцина – вирустың таралуын тежеуі мүмкін, бірақ, толық жойып жіберуге көмектеседі деп айта алмаймын. Мысалы, AstraZeneсa және қазақстандық вакцинаны салыстырар болсақ, шамамен, 60%-дан 90%-дың аралығында әсер етеді екен. Сонда 10%-дан 40%-ға дейін адамдарға көмектеспеуі де мүмкін, - дейді ол.
Айта кетейік, дәрігер бұған дейін инсультқа шалдыққан адамды қозғауға болмайды деген ескі наным екенін мәлімдеген болатын.