Коронавирус жұқтырғандар саны азайып кетті – Цой

25 Мамыр 2021, 09:57
2019
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырғандар саны азайып кетті – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мамыр айының алғашқы күндерімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайы анықталғандардың саны 4 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Қазіргі кезде ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайы анықталғандардың саны 4 мыңға дейін төмендеді. Жалпы алғанда ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр, - деді министр.

Күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Соған сәйкес 25 мамырдағы жағдай бойынша өңірлер шегінде төсек-орын жүктемесі республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың жүктемесінің 33 пайызын құрайды.

Бұл мамыр айының алғашқы күндерімен салыстырғанда 8 пайызға, ал реанимациялық төсек-орындар жүктемесі 2 пайызға төмендеді, - деп атап өтті Цой.

Сондай-ақ оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында төсек-орын жүктемесінің оң динамикасы байқалады. Мамын айының басымен (4 мамыр) салыстырғанда төсек-орынның үлесі 60%-дан 47%-ға (1020 кереует) төмендеген.

Алматыда 57%-дан 35 пайызға дейін (2079 төсек) және Алматы облысында - 56 пайыздан 36%-ға дейін (1 592 төсек) азайды, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы