Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім-жітім өсіп барады

12 Шілде 2021, 17:05
1907
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім-жітім өсіп барады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай ұшығып тұр. Коронавирустың дельта штамы тарауына байланысты науқастар саны өскен. Бұған дейін тараған альфа немесе британдық штамнан кейінгі жағдай он күнге ғана жақсарған. Одан кейін вирустың жұғуы күрт өскен, оған дельта немесе үнді штамының келуі себеп болған.

Қазір вирустың таралуы жоғары, соңғы тәулікте 638 адамнан вирус анықталды. Жалпы жыл басынан бері қалада 60 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Ал, шілде айынан бері коронавирусты жұқтырудың 4 610 жағдайы тіркелді. Вирусты жұқтырудың өсуін 18 маусымнан бастап қалада коронавирустың Дельта нұсқасы таралуымен байланыстырамыз. Оның жұқпалығы жоғары және ауыр клиникалық көріністер тудырады. Бұрын клиникалық өсу 53 пайыз болса, қазір 88%-ға жетті. Оған қоса өлім-жітіммен аяқталған жағдайлар өсті, - деді Бекшин.

Сондай-ақ ол вирустың балалар мен жасөспірімдерге жұғу көрсеткішіне мониторинг жүргізіп отырғандарын жеткізді.

14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 2% төмендеуіне қарамастан, 13% деңгейінде жоғары болып қала береді. Ең үлкен алаңдаушылық 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында, сырқаттанушылықтың өсуі - 3,4%-ға ұлғайып, биыл ең жоғары деңгейге жетті. Сондай- ақ 40-59 жас аралығында - 25% деңгейінде, яғни әрбір 4-ші адам жұқтырған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы