Коронавирус. Жағдай әлі де күрделі - Ажар Ғиният

1 Ақпан 2022, 09:06
1690
Бөлісу:
Коронавирус. Жағдай әлі де күрделі - Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Оның айтуынша, республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. 

Бірақ соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда жағдай тұрақтанып келе жатыр. Жыл басынан бері республикада 250 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. Соңғы аптадағы жағдайларда болған орташа тәуліктік саны 8 мыңға дейін жетті. Матрицаға сәйкес бүкіл республика және 14 өңір «қызыл» аймақта. Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы «сары» аймаққа өтті.  Түркістан облысы «жасыл» аймақта орналасқан, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар еліміздің бас дәрігері індет салдарынан қайтыс болу деңгейіне тоқталды. 

Қаңтарда желтоқсан айымен салыстырғанда өлім-жітім деңгейі 1,3 есеге төмендеді. Соңғы он бес күн ішінде коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 2,4 есе өсті, - деп атап өтті ол. 

Өзгелердің жаңалығы