ДДҰ: Қытай коронавирусты зерттеуге рұқсат бермеді

1 Мамыр 2020, 11:00
2149
Бөлісу:
ДДҰ: Қытай коронавирусты зерттеуге рұқсат бермеді

Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Қытайдағы қауіпті індеттің таралу ошағын зерттеуге бірге қатысуға сұрау салған, алайда оларды шақырмады. Бұл туралы Sky News басылымы хабарлады.

Аталған басылымға сұхбат берген Қытайдағы ДДҰ өкілі Гауден Галеа қауіпті індеттің таралу ошағын зерттеу өте маңызды екенін айтады.

Қытайда ұлттық тексеріс жүріп жатқанын білеміз, алайда бізді оған шақырмады. ДДҰ елдің денсаулық сақтау комитеті мен билігіне сұрау салды. Вирустың таралу ошағын анықтау, жанауарлар мен адамның өзара байланысын зерттеу өте маңызды. Біз мұндай жағдай қайталанғанда оның алдын қалай алу керектігін білуіміз керек,-деді ол.

Сонымен қатар, ол қолда бар деректерге сүйене отырып бұл жануарлардан тараған вирус екенін, қолдан жасалмағанын айтты. 

Дегенмен Женевадағы ДДҰ-ның штаб-пәтеріндегі сарапшылар Ухандағы зертханаға кіруге рұқсаты болмай тұр. Зертханада толтырылған журналдағы мәліметтер кез-келген баяндаманың бір бөлігі болу керек еді. Бұл ошақты толықтай зерттеуге қажет,-деді ол.

Галеа сондай-ақ, коронавирус алғаш тарала бастағанда Қытай толық мәлімет бермеді деген ойын білдірді. Қаңтардың 3-16 аралығында Уханда қауіпті вирус тарап жатқан кезде Қытай билігі 41 адамның коронавируспен ауырғанын мәлімдеген. Алайда сарапшылар оған сенбейді, ауырғандар саны одан әлдеқайда көп болу керек деген ойда.

Өзгелердің жаңалығы