Коронавирус тараған кезде қандай қауіпсіздік шаралары қолданылады

15 Желтоқсан 2022, 16:47
732
Бөлісу:
Коронавирус тараған кезде қандай қауіпсіздік шаралары қолданылады

Елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәулігіне  КВИ+ 235 және КВИ- 40 жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін).  

Бүгінгі таңда барлық өңірлер – “жасыл” аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады, — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы