Коронавирус: «Спутник V» вакцинасын қайта салдыруға бола ма?

24 Наурыз 2021, 21:01
1488
Бөлісу:
Коронавирус: «Спутник V» вакцинасын қайта салдыруға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекционист-дәрігер, Роспотребнадзор эпидемиология ҒЗИ орталығының клиникалық-сараптамалық жұмысы бойынша директор орынбасары Наталья Пшеничная «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасымен қайта екпе алуға болмайды деген мәлімдеме жасады.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Дәрігердің сөзінше, аталған вакцина антидене көрсеткішін көтеріп, ағзада ұзақ мерзім бойы сақталуын қамтамасыз етеді.  

Айта кететін жайт. Бұл вакцинамен қайта вакцинациялауға болмайтын шығар. Өйткені бұл екпемен қатар ағзаға аденовирустар да енгізіледі. Яғни организмде оларға қарсы антиденелер өндірілетін болады, - деді Пшеничная «Соловьев LIVE» эфирінде.

Инфекционист-дәрігер атап өткендей, егер дәл осы құрамдағы вакцина екі жылдан кейін қайта салынатын болса, бұл жағдайда ағзаға бұрын енгізілген антиденелер жаңағы екпенің құрамбөліктерін ыдыратып жіберуі мүмкін.  

Пшеничнаяның айтуынша, екпе қайтадан жасалған кезде коронавирусқа қарсы басқа вакциналарды қолдану қажет. Мәселен «ЭпиВакКорона» (Роспотребнадзордың «Вектор» орталығы ұсынған) және «КовиВак» (Ресей ғылыми академиясы Чумаков атындағы орталық жасап шығарған).

ТАСС хабарлағандай, ревакцинациядан өту қажеттігі туралы шешім мен вакцина түрін таңдау әр жағдайда жеке қаралып, емдейтін дәрігердің қабылдауынан кейін шешіледі. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова мәлімдеді. 

Жауапты мекеменің жеке сайтында «Спутник V» вакцинасын қайта салдыру мүмкін екендігі және әр пациентке сәйкес келетін препарат түрін дәрігер таңдайтыны туралы ақпарат пайда болды.

Өз кезегінде «Спутник V» вакцинасын жасап шығарған Гамалеи атындағы орталық директоры Александр Гинцбург бұл препаратпен коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салдыру бірінші рет салдырғаннан да тиімдірек болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы