Коронавирус: Шымкентте індет жұқтырған 3 адамның жағдайы қанағаттанарлық

12 Сәуір 2020, 12:38
1156
Бөлісу:
Коронавирус: Шымкентте індет жұқтырған 3 адамның жағдайы қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған, деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы. 

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

12.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 38 адам анықталды.
Өзгелердің жаңалығы