Коронавирус. Шектеулердің жеңілдетілуі кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді

25 Қаңтар 2022, 18:11
1029
Бөлісу:
Коронавирус. Шектеулердің жеңілдетілуі кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бизнес субъектілері үшін шектеулерді төмендету тәсілдері әзірленді.

Барлық аймақтарда, «жасыл», сондай-ақ «көк» мәртебесі бар келушілерді кіргізетін барлық нысандар үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталды. Сондай-ақ «жасыл» мәртебесі бар кезде ғана салтанатты, еске алу, спорт шараларын, көрме, форумдар өткізуге болады. «Көк» мәртебеге ие адамдарға отель, қонақүй, әуежай, теміржол вокзалдарына, ХКҚО, «Қазпошта», банк бөлімшелеріне, қоғамдық тамақтану, жабық базарлар, білім беру, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына баруға болады, - деп атап өтті комитет төрайымы.

Сонымен қатар ол шектеулердің жеңілдетуі бизнес субъектілеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін алға тартты.

«Көк» мәртебесі бар келушілерге кіруге рұқсат нысандар үшін «жасыл» аймақта шектеулер алынады. Ал «сары» аймақтағылар үшін – 70%-ға дейін, «қызыл» аймақтағылар үшін мейрамхана, мәдени, ойын және ойын-сауық нысандарының түріне қарай қоғамдық тамақтану нысандарының 60%-ға дейін толуына рұқсат етіледі, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы