Коронавирус. Қосшы ауылында бір үйдің үш адамы жұқтырған

28 Наурыз 2020, 16:14
5157
Бөлісу:
Коронавирус. Қосшы ауылында бір үйдің үш адамы жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов хабарлады.

Аталған азаматтар бұған дейін үй карантинінде жатқан. Себебі, олардың коронавирусқа шалдыққан елордалық туысы қонақта болған екен. 

 Аталған 3 адам қазір инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олар: 1954 жылы туған әйел, 1949 жылы туған ер адам және олардың 1990 жылы туған ұлдары. Олардан бөлек, бізде қазір стационарлық карантинде 95 пациент бақыланып жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, - деді Сүлен Ілиясов.

Айта кету керек, ауру белгілері анықталған адамдардың барлық жақындары қазір ауруханаға жатқызылып, қатаң бақылауға алынған. Елорда іргесіндегі Қосшы ауылы қазір аурудың ошағына айналып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде індет жұқтырған 204 адам тіркелген болатын. Олардың 14-і жазылып шығып, бір адам қайтыс болған еді.






Өзгелердің жаңалығы