Коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды

25 Қыркүйек 2020, 09:32
882
Бөлісу:
Коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 109 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31991, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26914 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 804 науқас жатыр. 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 98 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды


Өзгелердің жаңалығы