Коронавирус: Отандық әуе компаниялары 235 млрд теңге табысын жоғалтты

13 Сәуір 2020, 18:42
1121
Бөлісу:
Коронавирус: Отандық әуе компаниялары 235 млрд теңге табысын жоғалтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус салдарынан отандық әуе компаниялары 235 млрд теңге шамасында табыссыз қалды, деп хабарлайды ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Мемлекеттік комиссияның шешімдеріне сәйкес, Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында бүгінгі күні 97 халықаралық бағыттар бойынша аптасына 438 рейс (442-ден 4 жиілікке дейін) немесе барлық халықаралық рейстердің 99% қысқартылды.  

Егер 2020 жылдың 22 наурызына дейін 45 ішкі бағытта аптасына 540 рейс (тәулігіне 77 рейс) орындалса, 2020 жылдың 2 сәуірінен бастап Қазақстан қалалары арасындағы барлық ішкі тұрақты рейстер тоқтатылды.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2020 жылы жолаушылардан түсетін кірістің жоғалуын 252 млрд долларға бағалайды.

2020 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанда тасымалданатын жолаушылар саны 70% азайды. Ұшу рейстерінің қысқаруы мен шектелуінен отандық әуе компаниялар 235 млрд теңгені, әуежайлар 24,5 млрд теңгені, "Қазаэронавигация" РМК 28 млрд теңгені жоғалтты.
Өзгелердің жаңалығы