Коронавирус: Үндістандықтар әлем халқына "Біз бірігіп күресеміз" атты ән арнады

12 Мамыр 2020, 20:16
1498
Бөлісу:
Коронавирус: Үндістандықтар әлем халқына "Біз бірігіп күресеміз" атты ән арнады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдени байланыстар бойынша Үнді кеңесі (ICCR) Үндістанның түкпір-түкпірінен сазгерлер, әншілер мен музыканттарды біріктірді. Олар COVID-19 індетімен күрескен дәрігерлер мен әлем халқына арнап, "Біз бірігіп күресеміз" (“United we Fight”) атты әнін шығарды.

Туындының сөзін жазып, әуенін әрлеген Джо Альварес. Әндегі "Васудхайва Кутумбакам" әлем бір отбасы мағынасында айтылып тұр. Бұл әуен әр тыңдаушыға үміт, қуаныш, жауынгерлік рух беріп, COVID-19 індетіне қарсы күресте еш берілмеу керектігін білдіреді.
Бұл композиция бізді қорғау үшін өз өмірлерін қатерге тіккен барлық COVID-ке қарсы күрес әлемінің батыл жауынгерлеріне шексіз алғысымыз бен ризашылығымыздың көрінісі. Бұл біздің елдердің мәдени мұрасын танытатын және мәдени мұраның жарқын әрі екпінді болуына үлес қосатын барлық суретшілер мен орындаушыларға тағзым. Осы қиын-қыстау кезде көршілер, бейтаныс адамдар және айналасындағы адамдарға үнсіз көмектесетін сансыз тұлғаларға арнау және құрмет белгісі. Әлем халқына коронавирус және басқа да көптеген сынақпен күресті міндетті түрде бірігіп қана жеңетініміз туралы хабар, – деп жазды Қазақстандағы Үндістан елшілігі.
Елшілік халықты індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген жұмысшыларға қошемет көрсетіп, мұқтаждарға қайырымдылық жасауға, қарттарға бос уақытты бөлуге шақырды.

Сондай-ақ бұл әнді Үндістанның Сыртқы істер министрлігі бүкіл әлемге арнады. 



Айта кетейік, ICCR (Мәдени байланыстар бойынша Үнді кеңесі) - бұл халықаралық өзара түсіністік орнатуға, Үндістан мен басқа елдердің арасындағы тығыз мәдени байланыстарды дамытуға және Үндістанның шетелде жұмсақ күшін құруға арналған СІМ-нің дербес ұйымы.

Естеріңізде болса, Үндістан үкіметі Қазақстанға коронавируспен күрес мақсатында гуманитарлық көмек жіберген болатын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне өз твиттер парақшасында алғыс айтты.
Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын, - деп жазды Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы