Коронавирус. ӘМСҚ 842 мың төсек сатып алды

20 Шілде 2020, 14:09
1816
Бөлісу:
Коронавирус. ӘМСҚ 842 мың төсек сатып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым аралығында еліміздің стационарларына 842 мың төсек-күнге 8,6 млрд теңге төледі, деп хабарлады "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі.

Наурыз айымен салыстырғанда маусымда төсек-күннің жалпы саны 8 есеге, жұқпалы ауруларға – 26 есеге артты. Осы кезеңде карантиндік стационарларға 327 мың төсек-күн, жұқпалы аурулар үшін 270 мың төсек-күнге қаржы төленді.

Маусым айында наурыз айымен салыстырғанда провизиялық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан маусым айында 100 мың төсек-күнге дейін.

Төсек-күнге пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі кіреді. Қазір денсаулық сақтау жүйесінде төсек қорын ұлғайту қажет. Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Қор шілде айында медициналық ұйымдарға тарифті көтерді. Енді Қор провизорлық стационарға 1 төсек-күн үшін 21,9 мыңнан астам теңге төлейді; тәулік бойы стационарға – 32,2 мыңнан астам теңге; науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық бөледі, - делінген ақпаратта.

Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 304 инфекциялық/провизорлық стационармен орындау/бірлесіп орындау шарттарын жасасты.Осы жылдың 30 маусымынан төсек саны 28 796-дан 47 455-ке дейін артты, 18 659 төсек (64,7%) қосылды. Төсек қорының 70% бос емес. Covid 19 емдеуге тартылған стационарлардағы орындарға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдардың жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі кереует қорының 70 пайызы бос емес, резервтен қосымша кереует ашу бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, № 10 Клиникалық хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі № 104 басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды. Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және ауыр жағдайдағы пациенттер ғана жатқызылады. Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді  (дәрігерді қарау, ем тағайындау, рецепт жазу, манипуляциялар жүргізу және т.б.). Сондай-ақ, үйде стационарлық қызмет ұйымдастыру да қарастырылған, - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

 

Өзгелердің жаңалығы