Коронавирус: Монғолия президенті карантинде, Иран вице-президенті коронавирус жұқтырған

28 Ақпан 2020, 12:28
3179
Бөлісу:
Коронавирус: Монғолия президенті карантинде, Иран вице-президенті коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус әлем бойынша жылдам тарап жатыр. 

Иранның әйелдер және отбасы ісі жөніндегі вице-президенті Масуме Эбтекардің коронавирус жұқтырғаны және Монғолия президенті карантинде жатқаны туралы ақпарат тарады.

aa.com.tr  таратқан ақпаратқа қарағанда Монғолия президенті Халтмагийн Баттулга және онымен бірге болған тұлғалар 27 ақпанда түнде Қытайдан келген. Содан кейін олар 14 күн карантинде болады. Президент пен сыртқы істер министрін Баянзухр ауданындағы ауруханаға карантинге жатқызған. Қалған тұлғаларды Жаргаланттағы шипажайға орналастырған.

Сонымен қатар, Иранның әйелдер және отбасы ісі жөніндегі вице-президенті Масуме Эбтекар  2019-nCoV коронавирусын жұқтырған. Вице-президенттен арнайы анализ қабылдаған кезде анықталған.

Бұған дейін Иран денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчидің коронависуспен ауырып қалғаны белгілі болды. Тағы парламент мүшесі Махмуд Садеки де коронавирус жұқтырғаны расталды.

Өзгелердің жаңалығы