Коронавирус: Ұлыбританияда алғашқы COVID-19 жұқтыруы тіркелді

29 Ақпан 2020, 11:20
1308
Бөлісу:
Коронавирус: Ұлыбританияда алғашқы COVID-19 жұқтыруы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания территориясында коронавирустың адамнан адамға жұққан факті тіркелді. Бұл туралы Англияның бас санитары  Криса Уитти хабарлады, деп жазады The Guardian. 

Вирус Ұлыбритания территориясында жұққан. Науқас Лондондағы Гая және Әулие Томас атындағы арнайы инфекциялық ауруханасына жатқызылды, - деді Уитти.

Осылайша Ұлыбритания аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 20-ға жетті. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавируспен күрестің елдің "басты приоритеті" деп атап, тұрғындарға қолдарын сабынмен жақсылап жууға кеңес берді.

Әлем бойынша 28 ақпан күні кешкі жағдай бойында коронавирус жұқтырғандар саны 83 мың адамға жетті. 60 елде коронавирус анықталды. 

Соңғы тәулікте Қытайда 74 адам қайтыс болып, жалпы қайтыс болғандар саны 2835 адам болды.

Өзгелердің жаңалығы