Коронавирус әлем экономикасына 2,7 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін

8 Наурыз 2020, 12:07
1440
Бөлісу:
Коронавирус әлем экономикасына 2,7 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Bloomberg сарапшылары коронавирустың әлем экономикасына қалай әсер ететіні жөніндегі төрт нұсқаны атады. 


Сарапшылардың болжамынша, әлемдік экономика COVID-19 коронавирусының таралуынан 2,7 триллион доллар жоғалтуы мүмкін. 

Егер Қытай аурудың тарау ошағын анықтап, оны бақылауына ала алса және екінші тоқсанда ел экономикасы коронавирустың салдарына қарсы тұра білсе оның әсері әлемдік экономикаға елеулі ған болмақ. 

Ал COVID-19 вирусын ауыздықтай алмай Оңтүстік Корея, Жапония, германия, Италия және Францияда кеңінен таралатын болса 2020 жылы әлемдік экономика 2,3% ғана өседі.
Қауіпті індет пайда болмай тұрғанға дейін Bloomberg экономикалық өсім 3,1% деңгейінде болады деген болжам айтқан. 

Үшінші нұсқа бойынша наурыз айының басында коронавирус барлық мемлекетке тарауы мүмкі. Бұл жағдайда әлемнің ірі ондаған экономикасы баяу дамиды, өйткені олар инфекцияның таралуымен күреседі.

Олардың болжамынша, әлемдік ЖІӨ 1,2 пайызды ғана құрайды. Еуро аймақ пен Жапонияда құлдырау болады, ал президент сайлауы өтетін АҚШ-та жұмыссыздар деңгейі өседі. 

Соңғы нұсқа әлемдік экономиканың 2,7 триллион доллар шығынына байланысты. Бұл кезде Қытайдың ЖІӨ 3,5% ғана өседі, бұл 1980 жылғы көрсеткішпен тең. 

Бұл жағдайда АҚШ-та да құлдырау болуы мүмкін, деп санайды Bloomberg.
Өзгелердің жаңалығы