"Коронавирус, кет!" әнінің авторы АҚШ-қа шақырту алды

17 Тамыз 2020, 16:46
2619
Бөлісу:
"Коронавирус, кет!" әнінің авторы АҚШ-қа шақырту алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктемде "Коронавирус, кет" деп хит ән жазған қазақстандық композитор, әнші Марат Омаровты Америкаға шақырды. Ол қайырымдылық концертіне қатысады.

Аталған іс-шара АҚШ президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен өтеді.

Мен Бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесімін. Әріптестерім бізді тізімге қосқанын айтты. Пандемия біткен соң, қайырымдылық концертіне шақырады. Мені осы хит әннің авторы ретінде шақырып отыр. Шынымен әннің құдіреті осы болса керек, - дейді Марат Омаров.

Ән позитивті болу үшін ол сөздерін ауыстырған. АҚШ-тағы концертте ол "Коронавирус, кет!" дегеннің орына "Бақытты күндер, кел!" деп орындауы мүмкін.

Ол АҚШ-қа бұған дейін бару керек екендігі жайлы айтты.

Былтырғы жылы желтоқсанда Нью-Йорк, Лас-Вегаста концерт бердік. 21 наурызда Майамиде концерт беретін болдық. Қазақстаннан барғандар Наурыз мерекесін ұйымдастырмақшы болған. Олар маған билетте алып қойған. Бірақ 12 наурызда олар Дональд Трамп коронавирусқа байланысты іс-шараны сәуірге ауыстырды деп айтты. Мен содан кейін "Коронавирус, кет!" деп ән жазып, челлендж бастадым, - дейді композитор.

Өзгелердің жаңалығы